Гулфарида Нұртаскызы (gulfarida.primkulova) instagram фото и видео

Гулфарида Нұртаскызы
gulfarida.primkulova

ЖАЗБАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛҒАН❌ 22 лет ❤Жена Летчика 💍👮 ❤Мама будущего2⃣ Летчика 👮👮 Сценарий На Заказ 87477421335 ручная работа @handmade_gulfarida

Гулфарида Нұртаскызы все публикации из инстаграм, фейсбук и вконтакте

  • Количество подписчиков: 1,354
  • Место в рейтинге подписчиков: 0
  • Количество лайков на постах: 12,995
  • Место в рейтинге лайков: 0

Самые хайповые публикации Гулфарида Нұртаскызы (gulfarida.primkulova)

"Тамақ ішу үшін - өмір сүрмейміз, Өмір сүру үшін - тамақ ішеміз" -, ал, . мен "Тамақ пісіру үшін, суретке түсіру үшін - өмір сүрем! " - десең да 🤗😘😜 #келинка_гулока Г #жapкoeлeто #gulaleM408

Мынадай күшті суреттер салынбай қалыпты қәзір тауып алдым 😊 . "Ештен -кеш жақсы"- деп салып қояйын🤗🤗 #келинка_гулока_отбасы #avgycT208

Кешегі тойдан естелік. . Шымкент @zhaksylyk_ordasy ның кезекті тойы 🎊🎉🤗 Гүл қыздар мен әдемі суреттер . @tagaibekovna_a бақытты бол жаным #sHiіldeee1408

Әссәләму әлейкум☀ Қонақ күтіп кеше қолым тимей, кешегі суреттерді бүгін кешіктіріп салып жатырмын. . Кешегі ауыз ашардағы дастарханым #Келинка_гулока

💥"Шешесін көріп - қызын ал, ыдысын көріп - асын іш"- деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. 👆 Демек, ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс - аяқ мәселесіде шет қалмаған. Оған үлкен мән бергеніне жоғарыдағы бір ауыз сөз дәлел. . Ата - бабаларымыз бұрынғы кезде ыдыстарды көбіне #ағаштан, #жылқы, #ешкі_терісінен, #мыс_жез сияқты металл бұйымдарынан жасаған. Солардың ішіндегі, қазақ үшін аса құнды, басты ыдыс-кәдімгі #қара_қазан ✅ҚАЗАН - басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны өте жоғары ыдыс. Өйткені, ол күнделікті тіршілік құралы. Қазақ дастарханына түсетін тағамдардың барлығыда (қымыздан басқа) ең алдымен осы қазаннан өтеді. Халқымыз бұны жәй ғана қазан демей #Қара_қазан деп қастерлеген. Ал, қара сөзі - #қасиетті, #киелі, #берекелі деген ұғымды білдіреді. Қазан тоқшылық пен берекенің, ырыс - несібенің айғағы. ✅ #Қазанын_сындыру - Отбасын Ойрандаудың, #Қазанын_төңкеру - аштықтың, масқаралаудың белгісі. __________ Ас үй, ыдыс - аяқ - #ӘЙЕЛДІҢ АЙНАСЫ! 💥"Келген қонақ аз отырып - көп сынайды" Сондықтан, шеті сынған, сыры ұшқан, жарық ыдыстарды қонаққа ұсыну үлкен сын, ұят. Қәзіргі дамыған заманда барлығымыз жағдайға қарай жақсы, әдемі ыдыс -аяқ пайдаланамыз, деседе, әр үйде "и, бір керек болар тұра тұрсыншы"- дейтін, кемі 1-2 екі шеті сынық ыдыс бар 😊🙈 _______________ Қонағымызды Құдайдай сыйлап, жақсы құрмет көрсетейік. Үйімізге кім келседе күліп қарсы алып, барымызды алдына тосып, жақсылап күтіп шығарып салу қазақ халқының жазылмаған заңдарының бірі __________ Қара қазанымыз отттан түспей, тоқшылық болсын! #келинка_гулокадан_кеңес

Кеш жарық 🤗 . Бүгінгі демалысты қалай өткіздіңіздер. . Біз кешелі бері үйде біраз жұмыс жасап, бүгін прям қатты шаршап содан, #Паренушкам @ayatprimkulov кішкене еркелетіп, сырқа тамақтануға әкелді 😘😍 . Сол, балалармен әрі отыр, бері отыр, Абдулла аузыңды аш, Әбдірахман тұр деп отырмыз 😀🙄 . Сіздергеде таныс жағдайма Кешкі демалыс #zhazgikesH2107

4 жыл бұрын дәл осы уақытта, Сырғам салынып, Кешке Ұзату деп біресе үйімді қимай, бірксе бақыттан басым айналып жүрген еді 🤗😍😊😘 Уақыт деген жүйрік әәә..... . #Пост_уақытша #coHobed0708

Тәп- тәтті нансоғар балапанға көп лайк❤️ . Неге осы балалар өздеріне лайықтап кесіп немесе бөліп берген нанды емес, осылай булка нанды жегендi жақсы көреді екен 🤷😊 . Тауысып, не жартысын опырып тұрып жеп қойса ештеңе емес қой, бір тістеп тастайды . Жалпы менің балаларым нан, печенье дегендерді жемейді.🙄 . #ӘбдірахманАятұлы балабақшаға барып кішкене печенье жеп үйреніп жүр, и то таңдап жейді. . Ал, #АбдуллаАятұлы свежый ыстық нан болса ғана осылай 1-2 тістеп қана қоя салады. . Үлкен ұлым #ӘбдірахманАятұлы вообще как скелет арық қой, мүмкін нан , бауырсақ ұн тамақтарын жесе салмақ қосама деп. Ойлаймын бірақ, жегизе алмадым 🤔 . Сіздерде қалай? Нан, печенье жақсы жейме балаларыңыз? #kkhvcfooaee #Aacseepd1508

Қайырлы күн ☀🌟🌞 Қалайсыздар, достар? . Мұсылмандардың қасиетті мерекесі Құрбан айтты қалай тойлап жатсыздар? . Менің кешегі айтқа жайған дастарханым 🤗😊 Бәрі өз қолымнан шыққан #келинка_гулока #keshcalkyn1208 Г #keshcalkyn1208

БҰЛАР КІМДЕР❓ _____ Иә, дәл осы сұрақ өте жиі қойылады. . Бұлар кімдер? . Қалай жақын? . Қалай қайны-келін? . Аят жалғыз бала емеспе? _____ Тіпті, жақындарымызда, біз танымайтын қандай туысқандарың бұл? - деп сұрайды😊 . Иә, Аят жалғыз бала! Туған қайны сіңілім, қайны інім, абысын, келінім жоқ😔 . Ал, бұлар бізге сол #жоқтың_орнын_толтырған жандар!😘 . Аппақ қайным @nurlan.baikadam әлі үйленбей тұрған кезінде Аят үйге тамаққа жиі әкелетін. Содан, жақсы араласып, #Жеңеше деп кетті😍 Сөйтіп жүріп, үйленді. Содан, қашаңғы менің тамағымды іше бересің, Әйеліңді тезірек көшіріп әкел, сосын біз сендерге барамыз 😊, маған семейный араласатын, бір-біріне үнемі көмектесетін, балаларын қарасатын, ауырса тамағын жасап беретін, ақша керек болса санап беретін күшті достар керек деп миын жей бастадым 🤗 _____ Сол кезде айтқандарыма #Періштелер "әумин" деді ғой деймін Бәрі сол айтқанымыздай болды ______ Қайным, маған Жеңеше деген соң, Келінімде @alina.auesbek Жеңеше деп, Аятқа #Аға деп, көрген сайын #сәлем_салады🤗 . Үйге келген сайын бәрін жасап бір тыным таппайт, қонақ шақырсам алдын ала келіп көмектесіп, соңында барлық ыдысты жуып кетет. . Ешкімге көнбейтін, жатырқауық балаларымның тілін тауып, жуындырып, киіндіріп, тамақтарын беріп, өлеңін айтып, массажын жасап бар бабын табады😘 . Олардың үйіне барсақ қазысымен башбармағын асып, ваннаға су толтырып қойдым, жуынып алыңыз, демалып алыңыз деп бар жағдайымызды жасайды. ______ Мереке сайын, бір жаққа барып келген сайын сыйлығын 🎁 құшақтап келеді . Көктемде мамам ауырып аяқ асты түңгі 1 де жолға шығып кеттім. Сол кезде вокзалға келіп шығарып салып, аяқ асты жолға шыққан соң кетерде ыдыстар жуылмай, тамақтар, бешбармақ жеген орын со, күйі қалды, үй быт-шыт... . Келесі күні келіп үйдің бәрін жинап, кірлерді жуып, үтіктеп жинап, Аяттың тамағына дейін жасап бар шаруамды жасап қойған.😘 .Тумасада туғаныңдай болған осындай Қайным мен Келінімді қанша мақтасамда, жақтасамда сөз жетпейді 😘😘😘😘😘 Біз бұлардың жанында басқашамыз. Еркін, ашық, шынайымыз Бір нәрсе жасыру, ұялу, қысылу деген жоқ Менің барлық мінезім, қылығымды еш сынаусыз қабылдайтын жандар . Жақсы көреміз сендерді ❗(Аят пен Нурик жұмыстас) #oMipgazHap1907

Әссәләму әлейкум🌟☀ . Ораза айт мерекесі құтты болсын ағайын❗ . Жалпы исі Мұсылман адам үшін #Ораза_айт, #Құрбан_айт ең үлкен, ең керемет мереке.💥 . Жаңа жыл, 22 наурыз тағы басқа мерекелерді қалай тойласақ, бұл Айт күндерінде дәл солай, тіпті оданда үлкен көлемде тойлап, атап өтуіміз керек 👆 Әрі Айт мерекелеріне үлкен дайындықпен жауапкершілікпен қараңыздар❗ Жалына бір мәрте барша жақсылықтар мен сауаптарды арқалап келетін Қасиетті Рамазан айын аман есін өткізгендігіміздің белгісі.🙌🌟 ___________ ✳🌙 ОРАЗА АЙТТЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙМЫЗ❓ . ♦Бір күн бұрын үйді түгел жинап, тазалап #Бақара сүресін қосып қойыңыз . ♦Постель, шторларды жуып, жаңартып, айтқа кір қалдымай жуып шыңыз💪 . ♦Әдемі #мерекелік #дастархан жайыңыз🎂🍸🍇🍓🍵 . ♦Балаларыңызға, өзіңізде #әдемі #киімдер киініңіз👚👔 . ♦Балаларыңызға, жақындарыңызға #сыйлық алыңыз🎁🎉 . ♦Тілі шыққан балаларыңызға Жаңа жылда тақпақ жаттатқандай Ораза айтта қысқа, оңай #Сүрелерді жаттатыңыз (Соған орай сылығыңызды беріңіз) . ♦Ораза Айттың қандай мереке екенін балаларыңызға айтып #үйртетіңіз, маңыздылығын #түсіндіріңіз . ♦Отбасымен бірге жақсы етіп #атап_өтіңіздер⚡🎉 . ♦Барлық ренжіген жандармен #татуласыңыз👫🙌 ______ Әкеміз мерекеге екі ұлына, және мама екеумізге кеше сылығын 🎁беріп қатты қуантты😍 Бізде көп шығын жасамайық деп керек затымызды #былш еткізіп айта салдық, сәйкесінше сол заттарымызды алдық сыйлыққа 🙈 . Келесі суреттерде кешегі тазалақ жұмыстарым мен дастархан дайындықтарым🎂🍸 . Бұйырса мерекелік тортта міндетті түрде болады 🙌 ______ Ораза айт құтты болсын❗ Келесі жылғы айтқа аман есен жетейік❗ Аллам екідүниенің бақытына бөлесін ❗ ______ Сіздер Айтты тойлайсыздарма❓❓❓ Қалай атап өтесіздер❓ #келинка_гулока_ислам #орaзa

Кейде ойлаймын: 💬"Ұлдарым жоқ кезде қалай өмір сүрген екенмін ? "-деп. ....Өмірімнің еш мәнсіз, текке өткен кездері болды-ау, сол күндер. _____________________ Өмір сүруге, алға ұмтылуға, 🙆мақсатқа жетуге, білім жинауға🙇‍♀️,👩‍🏫 күн сайын куліп оянуға, 😊жақсы жағынан өзгеруге, әдемі болуға, 💃әдемі сөйлеп, әдемі жүруге, батыр да, батыл, 💪әрі нәзік болуға,👸 ең керемет, ең жақсы, #идеальная👍 болуға, #номер1 супер Ана🤰👩‍👦‍👦👨‍👩‍👦‍👦 болуға жетелейтін тәтті екі ұлым 😘 . Екі ұлыма қарап өмірдің бар рахатын сезінем 😍 Екі ұлыма қарап шабытаным 💃 Екі ұлыма қарап шаттанам 🤗 Екі ұлыма қарап шаршағаным мұңайғаным басылады 🙆 Екі ұлыма қарап Бақытты екенімді түсінем, сезінем 😍😇 Екі ұлыма қарап Шүкіршілік етем 🙌 . Аллам барлық әйелге Ана болу бақытын нәсіп етсін 😘😘😘 #ӘбдірахманАятұлы #АбдуллаАятұлы #келинка_гулока_отбасы #сeйсенбi4

Сәлем достар.🌟☀ Қалайсыздар❓ ____ Кейде кейбір адамдарға қарап өмірден #түңіліп, көңілим қалады.😟😞 .... Неге сонша асқақтап кеткенбіз дим да.🤔 Неге соншалықты бақытсызбыз? Неге өмірге риза емеспіз? Неге шынайы қуана алмаймыз? Неге адамдарға қуаныш сыйлай алмаймыз? Неге алғыс айта алмаймыз? Неге жақсы көретінімізді жасырмай сағат сайын айта алмаймыз? Неге жакындарымызды мақтай алмаймыз? Неге керек қезде жақтай алмаймыз? Неге өз балаларымызды емес, көршінің баласы жақсы көрінеді? Неге отбасының қадірін кеш түсінеміз? ____ Біз қазақ 👆өзімізден көрі өзгені көп ойлайтын.🤔 👆Өз отбасымызға қарағанда жұрттың отбасын жоғары санайтын.👍 👆Өз баламызга қарағанда көршінің баласын көп мактайтын 🤗👏 халықпыз. _____ "Қазаны бөлектин қайғысы бөлек" - деген бөтен-ол қашанда #бөтен☝️️ Қанша жерден керемет дос, керемет туысқан, керемет көрші болсада. Олардың оты бөлек, отауы басқа👆 Сенің қасында мәңгі қалмайды.🙅 Қуанышынды бөлісседе, қайғыңды қақжарып ешкім бөліп алмайды. "Құрғақ қасық ауыз жыртады" деген бөтен адамның #құр #сөзбен қолдағаны жеткіліксіз.❌ #Отбасынннын қорғанысы керек. Бала -шағаннын қуанышты күлкіси, ата-ананың #қамқорлыгы, жақсы сөзі, #мейірімі, шын жүректен шыққан #дұгасы керек. Өз Отбасыннан тастап өмір бойы ешкім сенің қасында калмайды. Жақсы болсын жаман болсын өз бала шағаң, өз отбасын қасыңда қалатында, тіпті соңғы сапарға шағарып салатында.😥 Сондықтан жақындарымызға, ата-анамызға қамқор болып, балаларымыздың әр күлкісине, әр дем алғанына қуанып, кішкентай болсада жеткен жетістігін қолдап, мақтап отырсақ, ол одан сайын биікке шығуға, жақсы болуға ұмтылады. 👍 Бала қанша жасқа келседе ата-анасының қолдауын күтеді👏 ____ Перзенттеримиз өздерінің біз үшін ең бірінші орында тұратынын, ең керемет, ең ерекше жеке тұлға екендерін сезініп өсуі керек.☝ Отбасымыздын қадірін білейік 😘😊 ____ "Өз балаң - өзегінен тепсенде кетпейді. Кісінің баласы - кісендесеңде тұрмайды " ____ "Әке-шешең жарым болса, Байлап бақ" ____ Бағалай білмегенге бақ қонбайды. Қолда бар #бағымызды бағалай білейік. Әлемде қаншама жан #Ата-ана #мейіріміне, #Перзент #бақытына зәру😔 Ал, біз #Бақыттымыз _____ Қәне, дәл қәзір өз жақыныңа жақсы көретініңді айт 🔊 #келинка_гулокадан_кеңес

Түріде, түсіде, мінезіде, сөщіде, қылығыда бәрі -бәрі өзімнен аумай қалған аппақ ақ Ш ырайымның туылан күні бүгін 🎉🎊🎁🎁🎁🎁🎁🎀🎀🎉🎉 Алғашқы мүшелің құтты болсын жаным 😘 АЛЛАның назарында болып, жолың ашық, болашағың жарқын, ақылды, сұлу қыз боп бой жет. @murynovshyntas

Біздің үйдің ауа-райы осы кісінің қас-қабағына байланысты 😘😍 Көбінде күн ашық, бірақ, аяқ асты дауылды жел соғып өтуі мүмкін, ондай кезде, түмедақтың 🌼 астына жасырынған көбелек 🕊 тәрізді бола қалам 😊 . Содан соң, күлімдеп күн🌝🌞 шыққан кезде менде қайтадан гүлден гүлге секіріп еркелей бастаймын. 😛 . Бір нәрсе ұнамай немесе арық кетсем жәйләп аспанды бұлт торлай бастайды, содан түсіне қоямын 😊 . Ал, Егер үйде аяқ асты ерекше тыныштық орнаса онда, менің көңіл күйім болмады деген сөз ӨЙТКЕНІ, обычно менің үйде аузым жабылмайды ғой 😀 . Ал, сіздерде қалай ❓ Бүгін осындай бір отбасыық сурет салып қояйын. #келинка_гулока_отбасы

Кеш жарық достар ❗ Бүгін барлық инстаграмм беттері, сториздар соңғы қоңырау 🎊 салтанаты мен, түлертердің суретіне, 5, 10, 15 жылдық естғелік суреттерге тола 😊😚 . Сол сіздерден қаламба деп менде өз бауырларымның суреттерін салып, ақ жол тілеп қояйын дедім 😍 . Суретте біздің әулеттің биылғы мектеп бітірген балапандары 😍😘😘 . Оқу озаттары. . Бүгін түлеп ұшқан барлық түлекке сәт сапар, ақ жол тілеймін. Алда сіздерді үлкен өмір, қызығы мен шыжығы мол студенттік сәттер күтуде. . Әр сәтті бағалаңыздар.❗ #Келинка_гулока_әңгімелейді

Кеш жарық Достар! . Бүгін сәл аурып, әрі күндіз шаруалармен ыстықта ұзақтау жүріп қалып шаршап, ауырыңқырап отырмын (давление 90да 50)😔😔😔 . Сондықтан бүгінше, алдыңғы күні ауызашарға дайындаған бешбармағыма лайк ❤ баса тұрыңыздар . #Келинка_гулока

Мамам, Апам, сіңілілерім келіп мәз болған күн 🤗🤗🤗😍😍😍 #келинка_гулока_отбасы

#Келинка_гулока

.Бақыт ❗ .Бақы тты Отбасы❓ .Дәл осы ұғымды сіз қалай түсінесіз ❓ .Бақытты Отбасы болу үшін не керек, не істеу керек ❓ .Не үшін адамдар бақытты өмірге қол жеткізу үшін көп қиындықтан өтеді❓ .Бақытты өмір сүру үшін Бай болу керекпе❓ _______________ Негізінде, барлығы оңай❗ Барлығы қарапайым ❗ Барлығымыз бақыттымыз ❗ Тек сол қолда барымызды бағалай алмай бәрін қиындататын өзіміз ❗ ___________ Таңдырыңызды қабылдап үйреніңіз. Шүкіршілік етіп үйреніңіз. Әр сәттен ләззәт алып үйреніңіз. Кішкентай, болмашы нәрселерге қуанып үйреніңіз. Жұрттың сөзін тыңдамаңыз. Жүрек қалауыңызды орындаңыз. ______________ Күйеуіңіз қандай болса дәл солай қабылдап, дәл сол қалпынба жақсы көріңіз.😘 Ешкім сізді күштеген жоқ, өз еркіңізбен жақсы көріп шықтыңыз ғой. Енді жақсы көрген адамыңызбен жақсы өмір сүруге талпыныс жасаңыз.😍 Білемін, талай үлкенді-кішілі қиындықтар, сынақтар болады. Бірақ, сіз берілмеңіз.🙅 Екінші жартыңыздың қолынан нықтап ұстап, қиындықтарға қарсы тұрыңыз.👊 Мүмкін күйеуіңіздің зәулім үйі, 🏠қымбат машинасы, 🚗бизнесі 🏫жоқ шығар.Мейлі. Ендеше соның барлығын бірге жасаңыздар, #бірге #қол_жеткізіңіздер❗ _____ Ұмытпаңыз👆 Бақыт-Байлықта емес ❌ Бақыт-Жүректе❗ _____ Бақытты Отбасы болу үшін, тойдан соң топ етіп, үлкен үйге, көлікке, қымбат дүниеге тап болу міндетті емес 🙅 Шындығындай маңдай терсіз оңай келген ондай дүниенің қадірі болмайды.🙅 Керісінше, барлық қиындыққа шыдап, барлық қиын сәтте тастап кетпей, бір бірлеріңізге демеу болып, қолдап, барлығына бірге жетсеңіздер сол #НАҒЫЗ_БАҚЫТ Сонда бір-бірлеріңіздіңде, бірге жинаған дүниеніңде, рухани білімніңде қадірін білесіздер❗ ______ Соңғы кездегі үйленіп және ажырасып жатқан жастардың үштен бірі осы Бақытты Байлықтан іздеуде 😔😔😔 . Деніңіз сау болуы, ата- анаң, сүйген жарың, балаларың жаныңда болуы, аяғың шығып тұрған тесік лашығың болсада, қара су мен қатқан наның болсада өзіңді #Бақытты_сезін. Өйткені, осының өзі кейбір жандарда жоқ😔 ________ Жоғарыдағы сұрақтарға жауап күтемін! Сіз үшін Бақытты Отбасы деген не❓ #Келинка_гулока_әңгімелейді #БақыттыОтбасы

Әссәләму әлейкум☀ Қаласыздар жақсылар❓ .. Кешегі бір оқырманымның сұрауы бойынша бүгін ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер туралы айтпақшымын❗ ____ Қазақ салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазір сол дәстүрдің біразы ұмыт болды. . Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан. . Бүгіндері атаулары өзгерсе де, кейбір салт-дәстүрлерді қаймағын бұзбай сақтап отырған өңірлер бар. Әсірес Қазақстанның батыс пен оңтүстік облыстарында қазақтың салт-дәстүрлерін тастамай, күнделікті тұрмыста ұстанып жүр. . Дәстүр тәрбие құралы болған – Қазақта баланы қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбекқорлықа тәрбиелейтін дәстүрлер көп. Десек те қолданыстан мүлдем шығып, ұмыт болғандары да жетерлік екен. #МЫСАЛЫ: ✅ #КӨГЕНТҮП, #ЖИЕНҚҰЙРЫҚ – Бұл салт тек қыздан туған жиендердің құрметіне жасалатын. Ондағы мақсат құдалар арасында жиен немеренің де қадірлі екенін көрсету. Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. 💥Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған. ✅Ал жиенқұйрық сол отбасына жиен болып келетін балаға жасалады. Яғни, нағашы жұртына келген жиен-баланы құда күткендей сыйлап, оның үш қалауын еш қарсылықсыз орындаған. Кейбір өңірлерде "қырық серкеш" деп атаған. ✅ #БОСАҒА_МАЙЛАУ Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді ✅ #МОЙНЫНА_БҰРШАҚ_САЛУ Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады ______ Қазақта 💥"Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле" деген дана сөз бар. Ата-анасынан көрген салт-дәстүрді ертеңгі күні баласы жалғастырады. . Сондықтан, барымызша салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұрпақтарымызға үйретіп, ұлықтап, мұра етіп қалдырайық. #келинка_гулокадан_кеңес #салтдәстүр

Кеш жарык. Қалайсыздар? . Ма, осы отырғанда бір талып құлайын деп түрм Бүгін таңертеңнен үй уборка жасап, дворда субботник жасап, Магнумды көшіріп продукта тасып, екі ұлмен жағаласып шаршап өлейін деп отырмын.😩 . Ендігі шаруа жаңағы 45 пакет тамақты орын - орынына, холодильникке жинап, ужин жасау керек 😑 . Бірақ, Мынадай тәтті нан соғарларға қарап шаршағаныңды ұмытасың, иә 🤗 . Барлықтарыңызңа осындай #нансоғарлар нәсіп етсін #АбдуллаАятұлы #ghjfdxcvbib2707

"Төркіні жақынның-төсегі жиналмайды"❗ . Осы бір мақалдың мәніне үңілген сайын шындықты көресің . Мектепте оқып жүрген кезімде көрші ауылға жақындарымыздың тойына барғанбыз. Жігіт екі көше кейін тұратын өз ауылының қызына үйленіп жатыр екен. Балалығымба, әлде сол кездің өзінде үйіңнен жырақ кетудің қиын сезім екенін түсіне бастадымба, мамама @orynsha_aje . - "Ма, қандай рахат, бір ауылда тұрады, үйіне күнде келед(і). Сағынбайды. Күшті ғой"-дедім. . Сонда мамам: - "Жақын жерде тұрғанның бәрі жақсы емес🙅 Әлпештеген қыздарының #күл төгіп, от жағып, су тасып, балшық майлап жүргенін көру қай ата-анаға жақсы дейсің. Әсіресе, әкесіне. Алақандай ауыл үйінде бір жағдай болсада, сәл ұрысып қалсада бәрі естіп, біліп отырады. Әрі, Төркіні жақынның төсегі жиналмайды, деп, ананы-мынаны сылтауратып үйіне келе беретін қыздың төркініне сыйы да қалмайды. Әке-шешесінеде сын. . Алыста тұрса, жаманы мен жыртығынан бейхабар, ата-анасы уайымсыз, сыртынан тілеуін тілеп қана отырады. Әрі, алыста болып жылына 1-2рет сағынысып көріскен соң, қадірі артып, сыйлы болады. Келгенде Жылы-жұмсағын аузына тосып, туған-туысы қонақ қылып бір жасап қалады. . "Қыз үйіне-қонақ"-деген сол. Жыртыңдап күнде келетін қыз, Қонақ емес, көрші әйелмен тең. Кетсеңдер "Жамандықтарыңды-жасырып, жақсылықтарыңды-асырып" алысқа кетіңдер"-деген еді. . Содан Осы сөздер құлағымда әбден жатталып қалып, үнемі алысқа кетуді ойлайтынмын. Сондағы ойым, өзімдіде, ата-анамдыда, барған жеріме, төркініме сыйлы ету еді🙈 . Алланың қалауымен алыс болғандада енді Қазақстанның ана шетінен, мына шетіне топ еттім🤗 Сол, кезде ең бірінші, "О, үйдегілерге су тасып, күл төккенімді көрсетпейтін болдым"-деп қуандым.🙈 (хотя су, газ келіп тұрсада) . Дегенмен, кейде жақын жерде болғанымда, жиі барып тұрар ем, ауырса қастарында болар ем, бірге қыдырып көп уақыт өткізер ем деп ойланам. Бәріде, Алланың қалауымен. Қыз мұраты-Кету. Күнде жандарында болмасамда, жүрегіммен, тілегіммен біргемін. . Мамамды сағынып отырмын бүгін😓 ____ Жалпы, " #Төркіні_жақынның_төсегі_жиналмайды"-деген мақалдың, дәл #мағынасы, Жаңа түскен келін, төрініне жүгіргіштеп, сол жаққа алаңдап, келген жеріне сіңісіп, үйрене алмайды. #келинка_гулока_отбасы #kyHzHaHbyp2307

Әссәләму әлейкум 🌟☀ Қалайсыздар достар❓ Оразаларыңыз қалай өтіп жатыр❓ _________________ Көпшілігіңізге белгілі мен көбіне #Отбасы #Дін_мен_Отбасылық_байланыстар #Ер_мен_Әйелдің_арақатынасы #Бала_тәрбиесі #Жас_қыздарға_арналған_кеңестер #тамақ_әзірлеу_қонақ_күту #қолөнер сияқты тақырыптарда пост жазамын. 🙌 . Енді сіздерге сұрақ, алдағы уақытта менің парақшамнан қандай тақырыптағы, қай бағыттағы пайдалы посттар күтесіздер.❓ . Нені көбірек білгілеріңіз келеді❓ #Келинка_гулокадан_сауалнама

Әссәләму әлейкум 🌟 Қалайсыздар жақсылар ❓ _________ Бүгін өте, өте керемет күн болды 💥 Шымкент @zhaksylyk_ordasy еріктілерімен #Тасарық #балалар_үйінің 91 ерекше баласымен кездесіп, балаларға қуаныш, кулкі сыйлап, бірге ән салып билеп, балапандарды сыйлықтармен қуантып қайттық. 💪😍👏🙌 _________ Қандай керемет күн болғанын айтып жеткізу мүмкін емес 👍😍 Ұйымдастырушы ханымдарға мың алғыс 👏👏👏👏👏👏 @bota_0222 @b.rozka _________ Көңілі жарты, жүрегі мұңды, айналадағының бәрінен тек жылы шырай мен махаббат күтетін, Алла Тағала ерекше болмыспен жаратқан бұл балалар #Бейбіт #Күннің #Батырлары . Армандары асқақ, мақсаттары биік, өмірге деген құлшынысы күшті, өнерлі балалар ❗ _______ Көп нәрсе айтқым келеді........... Осындай кезде тіл байлығыңда жетпей, жанарға толған жастан еріксіз іркіліп қалады екенсің............. 😔😔😔😔😔 Әр күніміз, қолдағы барымыз үшін Аллаға сансыз мақтаулар . Осынау Қасиетті айда барлық ауырған сәбидердің дертіне дауа, еміне шипа беруін, Әрбір Әйелге Ана, Әрбір Еразаматқа Әке болу бақытын бұйыртуды сұраймын #келинка_гулока_мақтаншақ

Қайным мен келінімнің үйіндегі Айттың дастарханы. . Барлығы келінімнің өз қолынан шыққан #келинка_алина деген хештег бүгін 😘😘😘😘😘😘😘😘😘😘😘 Страницасын белгілейін десем, мені белгілеме деп ұрсат, қорқам 🙈😝 #жazғыkeш

Кеш жарық ❗ Қалайсыздар ❓ Отбасы күні құтты болсын. ........ Соңғы аптада парақшама тіркеліп, өте белсенді болып жүрген жандар үшін бүгін өзімді таныстырып жіберейін.🤗😍 ....... ✅Мен Примкулова Гүлфарида Нұртасқызы ✅Жасым 22де (августте 23 бұйыртса ) ✅Тұрмыстағы, 2 ұлдың 👦👶анасымын ✅Пара қшамда, Ислам дінін күнделікті өмір мен ұштастырып, Отбасы, бала тәрбиесі, Ер мен Әйелдің арақатынасы жалпы Әйелдер қауымына арналған жазбалар, кеңестер жазамын . ✅Тамақ әзірлегенді, қонақ күткенді ұнатамын . ✅Бос уақытымда Өлең шығарып, кітап оқимын, іс тігіп, қолөнермен айналысамын . ✅Өте еркемі 😍 (Күйеуіме), пысық, көп сөйлеймін , ақкөңілмін , басқалардың көңіліне қараймын, бірақ, ұнамаса ұнамайды деп айта саламын. Көпшілік ортаны жақсы көремін . ✅ #Хоббиім орамал жинау. 50 шақты орамалым бар, бірақ 10ын ғана күнделікті пайдаланамын 🤗 . ✅ #ХЕШТЕГДЕР: #Келинка_гулока (ас мәзірі ) #Келинка_гулокадан_кеңес #Келинка_гулока_әңгімелейді #Келинка_гулока_мақтаншақ #келинка_гулока_Отбасы #келинка_гулокадан_handmade #Орамалды_гулока Осы хештегтер арқылы менің жазбаларымды оқи аласыздар

Кеш жарык! 🤗 Қалайсыздар? . Өткен жолы 1 айдай демалыс алып, инстада пост, история салмай кеткен кезімде, біраз адамдар іздегеніне қатты қуандым 🤗 Кәдімгідей күшті сезім екен😍 . Сол кезде статистикамда, охватта әжептеуір, түсіп кеткен болатын 😏 . Деседе қайта қолға алған 1 аптада бұрынғы көрсеткішімнің қайта қалпына келгеніне қатты қуандым. . "Ой, осыда бір ерігеді, осының ақылы, мыжыған әңгімесі кімге керек"- демей, қолдап жүрген сіздердің арқаларыңыз 😘 Көп рахмет! . Енді сіздерден сұрайын дегенім: ✅Менің посттарым несімен қызық? ✅Қандай пайдасы бар? ✅Не үйреніп, біліп жатсыздар? ✅Тағы не жазсам болады? . Жалпы менің парақшама не үшін тіркелдңіздер, не үшін оқисыздар? #Келинка_гулока_әңгімелейді #kayiplykesH2207

Мамускаларым 😘😘😘😘 Аман болыңыздар, бар болыңыздар! @orynsha_aje @ryskalkusainova #орал #төркін #келинка_гулока_отбасы

Мына тортты жегім келіп жатыр 😬😍 Бүгін күн қоңыр салқын өте жақсы боп тұр Оразаларыңыз жеңіл, дүғаларыңыз қабыл болсын #Келинка_гулока