Baiterek News (baitereknews) instagram фото и видео

Baiterek News
baitereknews

Baiterek News все публикации из инстаграм, фейсбук и вконтакте

  • Количество подписчиков: 1,250
  • Место в рейтинге подписчиков: 0
  • Количество лайков на постах: 9,438
  • Место в рейтинге лайков: 0

Самые хайповые публикации Baiterek News (baitereknews)

Жанымгүл бөлшектеп өлшеуші (фасовщица) болып істеген екен. "Қыста үнемі бірге жұмыс істейтінбіз. Көбінесе пәтерлерді тазалайтынмын. Бірақ бұл жолы үй тазалайтын компаниялар көбейіп, тапсырыс түспей қойды", - дейді әйел. Оның айтуынша, түнгі сағат екіде үлкен қызы Альбина хабарласып, әкесін жұмысқа шақырып алғанын, балалардың ұйықтап жатқанын айтқан. 2019 жылдың 4 ақпанында болған жантүршігерлік өртті еске алған Жанымгүл Альбинаның қоңырау соққанын айтты. "Қызым хабарласып, "анашым, біз жанып жатырмыз" деді де, тұтқаны қоя салды. Сағат түнгі 02.32 болатын. Сосын мен көршіме қоңырау шалып едім, ол "бағанадан бері жанып жатыр, олардың дауысы да естілмейді" деді", - деп еске алады әйел. Жойқын өрттің себептерінің бірі Евгений "времянканың" қабырғасын қаптаған пенопласт болған, ол тез әрі қатты жанады. "Үлкенім Альбина, 2006 жылы туған, қолғанатым еді, үйдің бар шаруасы соның мойнында болатын. Балаларға қарап, екінші қызымның сабағына көмектесетін. Аспаз боламын деуші еді, тамақ пісіргенді жақсы көретін. Қолынан келмейтіні жоқ еді, 2018 жылы туған кенже қызым Бақыт оны "мама" деп атайтын. 2008 жылы туған Алина мүгедек еді, эпилепсиямен ауыратын. Альбина оған үнемі қамқор болып жүруші еді. Үшінші қызым Сабинаны бәрінен қатты жақсы көрдім, ол бәрін өз бетінше істейтін. Төртінші қызым Элина басқаларына ұқсамайтын – ең сұлуы сол болатын. Бәрі бір-бірімен өте тату еді", - дейді Жанымгүл көзіне жас алып. Өрт шыққанын естіген ерлі-зайыпты үйге келгенде Евгенийді бірден патруль көлігі алып кеткен, ал Жанымгүлге балалар ауруханада депті. "Балалар ауруханада, тірі деді. Содан кейін күйеуім енді бізде бала жоқ екенін айтты. Маған ешкім тіс жарған жоқ, көлікте ұстап отырды", - деп еске алды ол. "Ал мен УАЗ көлігін (балалардың мәйітін алып кеткен) көрген соң бірден түсіндім", - дейді Евгений. Ата-ана "времянкаға" кірмеген, бұрынғы баспанасын екінші күні – балаларды мәйітханадан алып, жерлеген күні бір-ақ көрген. Бес баланың қайғысымен бірге Ситерлер жұрттың сөзіне де қалған. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

Күйеуінің соңынан Сирияға кеткен қазақстандық әйелдер шайқас алаңына қалай тап болғанын, сондай-ақ жат жерде бастан өткерген қиындықтары жайлы әңгімелеп берді. Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны Гүлжан әскери ұрыстар аумағына 2016 жылы отбасымен бірге барған. Бұған дейін отбасы Қазақстанда тұрып, кейін Түркияға жол тартады, деп хабарлады Otyrar.kz. Әйелдің айтуынша, оның күйеуі теріс діни ағымды ұстанып, отбасын Сирияға көшіріп әкеткен. "Күйеуім Сирияда бауырлары бар екенін, бізді жақсы күтіп алатынын айтты. Ол жақта бәрі жақсы, біз Сирияда тұруымыз керек, өйткені ол жақта ислам бар дегенді алға тартты. Сирияға Түркия арқылы өттік. (…) Алдымен екі күнге жуық бір шағын ауылда болдық, кейін жолбасшы бізге Сирияға жаяу жетуге көмектесті", - дейді Гүлжан. Әйелдің айтуынша, әскери ұрыстар алаңына келгенде күйеуі екеуінің бес баласы болған, тағы екеуін Сирияда босанады. Дегенмен бір жылдан кейін Гүлжан күйеуінен айырылады, ал тұңғыш ұлы минаға түсіп қаза болған. "Жалғыз ұлым болды. Ол құрдастарымен ойнап жүріп, минаны басып кетті", - дейді әйел. "Ұлым жанкешті болды" Ранияның отбасы Сирияға келе салысымен неше түрлі сұмдыққа куә болған. ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қатарында соғысқан күйеуі сол жылы-ақ снайпердің оғынан қаза тапқан. "Оларды алдап-арбап, алдыңғы шепке аттандырды. Күйеуімнің жолдасы ауыр жараланып, көмек сұраған. Күйеуім көмекке барғанда снайпер оның аяғынан, кейін арқасынан атқан", - дейді қазақстандық. Біраз уақыттан кейін Ранияның үлкен ұлы көз жұмады. "Бір күні тамақ іздеп үйден шығып кетіп, қайтып келгенде үлкен ұлымды таппай қалдым. Ол заттарын жинап, бауырларына кететінін айтыпты. Қайтып оралмайтын шығар деп уайымдадым. Біраз уақыттан кейін көршім келіп, жақсы жаңалығы бар екенін, менің ұлым шахид (жанкешті лаңкес – Sputnik) болғанын айтты", - деп есіне алды Рания. Қазіргі таңда әйелдер балаларымен бірге Қазақстанда тұрып жатыр. Олар отанына "Жусан" гуманитарлық операциясы арқасында оралды. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

Елде қарбыз бен қауын саудасы қыза түсті. Базардағы сатушылар дәмді дақылды таңдаудың құпиясымен бөлісті. Астана базарларындағы сатушылар қарбыздың екі түрі болатынын айтты. "Оның да "еркегі" мен "ұрғашысы" болады. Қарбызды алатын кезде сабағына қарау керек. Таза піскен қарбыздың сабағы қураған болады. Ол дақыл дәмді әрі жеуге болады деген сөз. Қарбыздың піскенін дәндерінен де көруге болады", - дейді Төлеген Мәуленқұлов. Піскен қарбыздың дәні қара болады, ал піспесе, ақ болып келеді. "Піскен қарбыздың жолақтары ашық, ал сабағы жіңішке болады. Сонда қарбыз қызыл, дәмді, керемет болып шығады. Ал сабағы көк, қалың болса, қызғылт болады. Қауын таңдаған кезде оның түбіне қарау керек", - дейді сатушылардың бірі Айдос Әбілев. Қарбыз-қауынды апта сайын сатып алатын тұрғындар да дәмдісін қалай таңдау керек екенін біледі. "Қарбызды шертіп көрген кезде даусы анық шығуы керек. Ал "әңгелекті" оңайлықпен тексере алмайсыз. Қолмен ұстап көру қажет. Қатты да, жұмсақ та емес, орташа болғаны дұрыс", -деді Айдос есімді сатып алушы. Ол жазда қарбыз бен қауын жеп, көбірек дәрумен алуға тырысу керек екенін айтады. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

Түркістан облысының Келес ауданы тұрғыны өгей анасы мен оның шешесін аяусыз ұрып-соқты Жантүршігерлік оқиға 14 тамызда түнгі 23:00-дің шамасында болған. Ер адам үйдің терезесін сындырып кіріп, өгей анасы мен оның шешесін соққының астына алады. "Қос кейуана ұйқыға жатайын деп отырғанда өгей баласы келген. Ол - екінші некедегі жұбайының ұлы. Терезені сындырып, үйге кіріпті. "Үйді маған бермедіңдер" деп, өгей анасы оның шешесін ағашпен ұрып- соғып, дене жарақатын салған", - деп мәлімет берді Келес ауданы әкімдігінің қызметкерлері. Видеоны түсірген келіншек оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ол - соққыға жығылған әйелдің қызы, бірақ есімін көрсетпеуді сұрады. "Бұл оқиға Ақтөбе ауылдық округінің Құйған елді мекенінде болған. Біз Келес ауданына қараймыз. 91-дегі кісі – менің үлкен әжем, екіншісі – анам. Жасы 61-де. Анам осыдан 14 жыл бұрын бір кісіге тұрмысқа шыққан. Әжем екеуін соққыға жықққан сол кісінің екінші баласы. 57-ге келді. Түнде келіп, ұйықтайын деп жатқанда екеуін ағаш таяқпен ұрған. Себебін білмеймін. Екеуінің ми шайқалып кетті. Таңғы сағат 5:00-ке қарай анам есін жиып, маған қоңырау шалған", - дейді келіншек. Ресми дерек бойынша, зардап шеккендер ауруханаға түскеннен кейін полицияға арыз берген. Қазір Қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-бөлімі "Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу" және 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірінші бап бойынша айыпты 2 мың АЕК-ке (5 миллион 50 мың теңге) дейiн айыппұл төлеуі, я болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы, не болмаса екі жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы бойынша 1 мың АЕК (2 миллион 525 мың теңге) дейін айыппұл салынады, я болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе алты жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не болмаса екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір басбұзарды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан

"Времянкадағы" жойқын өрт кезінде қаза тапқан балалардың ата-анасы Жанымгүл мен Евгений Ситерлер бұрынғы депутат, блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа ашық сұқбат берді. Қайғылы оқиғадан кейін жарты жыл өткен соң ерлі-зайыпты қалай өмір сүріп жатқандарын, бала сүюді жоспарлап жүргендерін, тіпті балалар үйінен сәби асырап алғысы келетіндерін айтты. "Балалар үйінде, бөбектер үйінде болдық, жасы нешеде болса да, сәби асырап алсақ дейміз. Өз баламызды да өмірге әкелгіміз келеді", - деді Жанымгүл Ситер. Ситерлер жанашыр азаматтардың қаражатына сатып алынған екі бөлмелі пәтерінде сұқбат берген. Бұл - отбасының алғашқы жекеменшік үйі. Жиналған қомақты сома пәтер алған соң да артылып қалған екен. "Бір бөлігін депозитке салдық, балалардың жылын береміз. Содан соң көлік сатып алып, қалған бөлігін өз ісімізді ашуға жұмсадық. Қазір күйеуімнің өз техникалық қызмет көрсету орталығы бар. Екеуіміз де сонда жұмыс істейміз", - дейді марқұм қыздардың анасы. Көпбалалы отбасы жұпыны тұрған, айына небәрі 50-60 мың теңгеге өмір сүріпті. "Басы артық ештеңе сұраған емеспіз, үнемі бәрін өзіміз алатынбыз, бәріне ақшамыз жететін", - дейді Жанымгүл. Евгений ТҚКО-да моторшы болып істейтін, қыста жұмыс онша көп болмаған соң, ерлі-зайыптының екеуі де бірге еңбек етуге мәжбүр болған. "Сол күні үйде болуым керек еді, бірақ шақырып алды. Бастығым емес, клиент жұмысты тезірек бітіруімді талап етті", - дейді ол. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

44 жастағы Әбдірахымов Лондондағы Пикадилли көшесінің бойындағы Ритц қонақүйі маңында түсірілген даулы видеодан соң қызметінен кетті. Экс-әкім алты күн бұрын Instagram-да жариялаған видеода өзін "отанымның патриотымын" деп атап, "жастарды Қазақстанда сәтті жұмыс істеп, әлемді аралап, саяхаттауға" шақырады. Қазақстандық әлеуметтік желілерде Әбдірахымовтың бұл видеосы сынға қалып, көпшілік экс-әкімнің "шенеунікке жат қылық жасағанын" жазған. Желіде Әбдірахымовтың сөзін келеке еткен бірнеше видео пайда болған. Экс-әкімнің бұған дейін де бірнеше мәлімдемесі қызу талқыға түскен. Арыстағы жарылыстан соң Шымкентке босқандар наразылыққа шыққанда көптің ортасында тұрған экс-әкім "Әйелдеріңе ие болыңдар" деп ашулана сөйлеген. Қазақстандық белсенділер шенеунікті "сексист" деп айыптаған. Қала әкімі қызметіне 2015 жылы тағайындалған Әбдірахымов 2017 жылы "Нұр Отан" партиясының xатшысы қызметіне ауысқан еді. Бірақ биыл 20 маусымда Әбдірахымов Шымкент әкімі болып оралған. Облыстардың, республикалық мәртебесі бар қалалар мен астана әкімдерін президент тағайындайды. Былтыр маусымда Шымкент республикалық мәртебесі бар қалаға айналған. Бұған дейін қала облыс орталығы еді. Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаланың жаңа әкімі болып Ерлан Айтаханов тағайындалды. Жаңа әкімді облыс активімен Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Қырымбек Көшербаев таныстырды. Ерлан Айтаханов 1971 жылы Түркістан облысы Отырар ауданында туған. Шымкент қаласының әкімі қызметіне дейін Отырар ауданының әкімі болған. azattyq.org #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕"Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанды, деп хабарлайды Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының ресми сайты. "Саяси кеңестің бюро отырысында Nur Otan партиясының тізімі бойынша парламент мәжілісі депутаттарының мандаттарын Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұрлан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға беру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада. Жаңа депутаттар туралы не білеміз Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда туған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Қазақстанның оныншы мемлекеттік хатшысы болды. 2019 жылдың 25 ақпанынан премьер-министрдің орынбасары болды. Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде өмірге келді. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды. Нұржан Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда туған. Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі. Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. Қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды, Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды. Белгілі қазақстандық филантроп, журналист, "Бауыржан" қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Желіде Шымкенттегі перинаталдық орталықта аяғы ауыр келіншек, дәрігер мен медбикенің биі түсірілген видео тарап кетті. "Видеодағы Гаухар деген келіншек босанғалы жүр. Бидің арасында оның толғағы қысып қалады. Оның толғағы басылғанша күтеміз, сосын қайта билейміз. Нәтижесінде ол тез және жеңіл босанды", - дейді перинаталдық орталықтағылар. Гаухар қыз дүниеге әкелді, үйде тағы бес баласы бар екен. Перзентханадағылар дәрігер Дәулет Сатовтың бұл челленджді бірінші болып қолдағанын жеткізді. Айта кетсек, бұл челленджді бразилиялық акушер-гинеколог Фернандо Гудес да Куньи бастаған болатын. Ол босануға дайындалып жүрген әйелдермен билеп, желіде танымал болған еді.  Дәрігерлердің айтуынша, ырғақты би толғақ кезіндегі ауруды бәсеңдетіп, болашақ аналардың көңіл-күйін көтереді. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

Екі жыл бұрын ауыр науқасқа шалдыққан алматылық Данияр Ибраевқа көпшіліктің көмегі қажет. Өйткені қатерлі дерттен емделу үшін оған шет елге баруға тура келіп тұр. Талантты ұлдың тағдырына алаңдаған мейірімді жандар  Алматы қаласында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.  Талантты суретші, болашақ дизайнер Данияр Ибраевтың өмір үшін күресіп жүргеніне екі жыл болды. Дәрігерлер Даниярға МELAS синдромы деген диагноз қойып отыр. Мамандардың пікірінше, бұл тұқым қуалайтын өте қатерлі дерттің бірі екен. Сирек кездесетін бұл науқастың елімізде емі де жоқ көрінеді. Эльмира Эзиями, қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы: – Ауыр халге душар болғандарға көмек көрсеткіміз келеді. Әсіресе балалар үшін барынша тырысамыз. Осындай қайырымдылық шараларын өткізіп, қолдау білдіреміз. Бүгінгі жарыстан түскен қаржының бір бөлігін Даниярға аударамыз. Теңіз тамшысындай болса да бұл да көмек. «Қайырымды жандар қарайласып жатса, әлі-ақ құлан таза айығып кетемін» деген Даниярда үлкен үміт бар. 24.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

🆕Бүгін барша мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айт басталды. Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын Ораза айттан 70 күн өткеннен кейін басталады. Құрбан айтта мұсылман қауымы құрбандық шалады, мал сояды. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады. Құрбан айт күні мұсылман баласы ерте тұрып, таза киімін киіп, хош иіс әтірлерін сеуіп, мешітке барады. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірінің үйіне айттап қыдырады. Айттың алдында тәтті тағамдар мен  шелпек, бауырсақ пісіріледі. Құрбан сөзі нені білдіреді Құрбан – араб тілінде "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау" дегенге саяды. Құрбан айт күндері (алғашқы үш күні) шалынатын мал "ұдһия" деп аталады. Құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын жақсы білген жөн. Құлшылық жасаудың түп мәні – Жасаған Иенің жарлығына бағыну, разылығына ұмтылу, сауап жинау. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Күллі мұсылман жұртшылығын бір-біріне жанашыр болуға, қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, жағдайы нашарларға қарасуға, өзара мейірімді болуға шақырады. Құрбан шалу кімге уәжіп Құрбандық шалу –  мүмкіндігі бар барлық адамға уәжіп. Ислам дінінде әйел экономикалық тұрғыдан дербес, өзіндік жауапкершілік иесі болып саналады. Сол себепті егер әйелдің меншіктік құқы, өзіне ғана тиесілі байлығы нисап мөлшерінен асса, әйелдің жеке өзі құрбандық шалуы да уәжіп. Құрбан шалуға жағдайы жоқ кісілерге жасалған және бір жеңілдік, ол айт күні жуынып-шайынып, тазалану. Себебі бұл тазалық оларға құрбандық шалғандай сауап әкеледі. Кез-келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар жарамды. Құрбандық малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан

Қазақтың тойы бітпесін 🇵🇼 😉 . #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта ерекше жағдай болды. Анатомиялық ерекшелігі - екі жатыры бар әйел алдымен бір баланы, ал екі айдан кейін екіншісін дүниеге әкелді, деп хабарлайды uralskweek.kz өңірлік сайты. Лилия Коновалова бірінші баланы мамыр айында туды. Шала туған қыздың салмағы 850 грамм болған. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Дәрігерлер сәбидің денсаулығын үнемі бақылап отырды. Арнайы оңалту шаралары ұйымдастырылған. "Ал 9 тамызда кесар тілігін жасау арқылы қыздың інісі дүниеге келді. Оның салмағы – 2 900 грамм. Қазіргі кезде анасы екі баласымен перзентханадан шығуға дайындалып жатыр", - дейді бас неонатолог Нұргүл Жүнісова. Егіздердің анасы шаршаңқы көрінсе де, бақытты екенін жасырмады. Оның айтуынша, енді үйдегі үлкен қыздың екі бауыры болады. "Менің тағы бір 7 жасар қызым бар. Екінші қыздың атын Лея деп қоямыз. Ал ұлымыз – Максим. Мен анатомиялық ерекшелігім туралы білгенмін, бірақ оған ешқашан мән бермеппін", - деді Лилия Коновалова журналистерге берген сұхбатында. Басылымның хабарлауынша, соңғы 60 жылдың ішінде әлем бойынша мұндай жағдайлардың саны 70-тен асты, ал Қазақстанда алғаш рет болып отыр. Перзентхана дәрігерлері келіншектін анатомиялық ерекшелігі - екі жатыры барын білгенін айтады. Сондықтан екінші балаға толғақтың қашан келетінін күтті. "Біз келіншектің анатомиялық ерекшелігі туралы бірден білдік. Сол себепті екінші баланы да осы жерде босандырып алуға шешім қабылдаған болатынбыз. Білуімше, бұл - алғашқы оқиға. Мен Алматыдағы әріптестерімнен кеңес алдым, бұл елімізде тіркелген алғашқы жағдай сияқты", - деді перзентхана директорының орынбасары Есет Ералин. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Жұма күні, 2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған – жолда әйелдің толғағы басталған. "Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мұсылмандардың ұлық мейрамымен құттықтады. Барлық құттықтауда Құрбан айттың мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам екені айтылған. "Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы. Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады. Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - делінген Елбасының құттықтауында. Ақорда сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да құттықтауы жарияланды. "Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам. Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі. Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды", - делінген хабарламада. Мемлекет басшысы қасиетті мейрамда барша қазақстандыққа зор денсаулық, құт-береке тіледі. "Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!", - деді президент. Қасиетті мейраммен бас мүфти Серікбай қажы Ораз да құттықтады. "Құрбан айт – исі мұсылманның ұлық мейрамы. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне: "Айт қабыл болсын!" айтып, ізгі тілектерін жеткізіп, алғыстарын жаудырады. Туыс пен бауырға, көрші мен дос-жаранға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз. Осы игі дәстүрді қоғамда қайта жаңғыртып, жастарға үлгі-өнеге көрсетуге шақырамын!", - делінген құттықтауда. sputniknews.kz #baitereknews

🆕 Әлеуметтік желіде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық жастарға айтқан ақыл-кеңесі тарады. Архивтік видеоны президенттің телерадиокешені жариялаған. "Жастардың бойына нақты дүниелерді сіңіру керек. Ең бастысы – адам болу, білім алып, жақсы мамандық меңгеру. Мұны сендерден ешкім тартып ала алмайды. Ақшаны, үйді немесе тағы басқа нәрсені тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білім мен адамгершілігіңді ешкім тартып ала алмайды. Мен осыған шақырамын, сонда ғана сен өмірде жарып шығасың", - деді Назарбаев. Бұл сөздерді Елбасы 2016 жылы 1 желтоқсанда елордада өткен республикалық жастар форумында айтқан. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Димаш Құдайберген тоққа түсіп, екі қолынан айырылған 10 жастағы Дамир Фаткулинмен кездесті. Әншінің жанкүйерлері протез алуды армандаған балаға 800 мың теңге жинап берген. Ақтөбеде өткен "Бақытты бала" фестивалі Димашпен жүздесуді армандаған бірнеше баланың арманын орындады. Ерекше талант иесі бүлдіршіндермен дастархан басында кездескен. "Мен Димашпен кездесуді армандадым. Қуанып тұрмын" , - дейді кішкентай Дамир. Фестиваль ұйымдастырушылары Дамирді жеткізу жұмыстарын да өз мойындарына алған. Жас әншіге қамкөңіл ананың да алғысы шексіз. "Қуанышымызда шек жоқ. Баламды өздері алып кетіп, Димашымызбен кездестірген. Әншіні көру арманы еді. Өздері қыдыртып алып келді. Алғысым шексіз. Алла қуантсын! Маңдайы жарқыраған Димашымыздың шығармашылығына ақ жол тілейміз" , - деді анасы Гүлмира Фаткулина. Кездесу еркін әңгімелесу түрінде өтіп, естелік сыйлықтар берілді. nur.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет" қоры Құрбан айт аясында таратылған еттің есебін жариялады. Бұдан бөлек, қасиетті мейрамда екі отбасыға пәтер кілті табысталды. "Зекет" қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбандық еті барлық өңірде көмекке мұқтаж адамдарға таратылды. Мәселен, Алматыда 2,5 тоннаға жуық ет үлестірілсе, Нұр-Сұлтанда 1 тонна ет 200 отбасыға берілді. Жалпы, республика бойынша тұрғындар 6 түйе, 743 ірі қара және 8 538 қойды "Зекет" қоры арқылы құрбандыққа шалып, 283 тоннаға жуық етті таратты. Бұның барлығы 34 900 отбасыға үлестірілді. Еттің жалпы құны – 424 миллион теңге. Сондай-ақ, соқырлар қоғамдарына, мүмкіндігі шектеулі және мүгедектер үйлеріне, қарттар үйлеріне, мектептер және медреселерге көмек берілді. Бұдан бөлек, "Ел үлесі – пәтерге!" жобасы аясында қасиетті мейрамда Талдықорған өңірінің тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Бұл жолы Қабанбай ауылындағы жеті баланың анасы және Көшкентал ауылындағы үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты мүгедек ана баспаналы болды. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Халықаралық армия ойындары – 2019 аясында қазақстандық танкистер биатлоннан жеңімпаз атанлы. Олар мәре сызығын 22 минут 16 секундта кесіп өтіп, Моңғолия, Сирия және Венесуэла командаларынан озды. Қорғаныс министрлігі атап өткендей, "Танк биатлоны" сайысының жеке жарысында жылдамдық қана емес, зеңбірек, зенит пулеметі және қосарланған пулеметпен атудағы асқан мергендік керек. Команданың айыппұл шеңберіне өтуі нысананы дәл көздеп атуына байланысты болды. "Әскерилер танк басқарудағы шеберліктерін кедергілерден өту кезінде көрсетті. Өткел, қорған, қия беткей, эскарп және танкіге қарсы ор жарысты қиындатты. Біздің экипаж осы сынақтан сүрінбей өтті", - делінген қорғаныс ведомствосының хабарламасында. "Танк биатлоны" сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде Қазақстанның намысын қорғайтын үш танк экипажы бір жауынгерлік көлікке кезек-кезек мініп, бірігіп жұмыс істеу қабілетін көрсетеді. Сайыстың финалына үздік төрт экипаж шығады. Былтыр "Танк биатлоны" сайысында Қазақстан Ресей, Қытай және Беларусь командаларынан кейін төртінші орын алған. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент твиттердегі аккаунтында жазды. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауды 2 қыркүйекте жасайды. "2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазды мемлекет басшысы. Айта кетсек, бұл осы жылы 9 маусымда Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы. Бұған дейін елді шамамен 30 жылдай басқарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа 23 рет жолдау арнаған еді. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Жартылай орта салмақтағы қазақ боксшысы Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz. Жаңабаев Сиднейде (Австралия) ICC Exhibition Centre аренада өткен бокс кешіне қатысты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Стив Гаго болды. Жекпе-жекте WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдары бәске тігілді. Он раундқа есептелген кездесуде төрешілердің шешімімен Нұрсұлтан жеңіске жетті: 96-91, 95-92, 95-92. Жаңабаев кәсіпқой бокста осымен сегізінші жекпе-жегін өткізіп, бәрінде жеңіске жетті (оның бесеуін нокаутпен ұтқан). Гаго алғаш рет жеңіліс тапты, ол 11 жекпе-жекті ұтқан (оның төртеуі – нокаут). sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕16 тамызда Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Тамыз конференциясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартатын әкімдерді сынады. "Жергілікті әкімдер қызметін асыра пайдаланып, мұғалімдерді білім жүйесіне қатысы жоқ әкімшілік істерге, бір реттік шараларға тартады. Бұл әрекет тоқтар емес" деді ол. Тоқаев жиында мұғалімдерге артылатын жұмыстар көбейгенін, мектеп төмен нәтиже көрсетсе, мұғалімдер басшылық тарапынан қысымға ұшырайтын айтты. Ол Үкіметке осы мәселені тез арада шешуді жүктеді. Тоқаев Нұр-Сұлтандағы жиында Үкіметке алдағы төрт жылда мұғалімдердің айлығын екі есеге өсіруді тапсырды. 16 тамызда Нұр-Сұлтанда әр жыл сайын өтетін мұғалімдердің Тамыз конференциясы басталды. Шараға Қазақстанның әр аймағынан екі мыңнан астам мұғалім қатысып жатыр. Қазақстанда мұғалімдер міндетінен тыс жұмысқа жегілетіндерін, директорлар мемлекеттік газеттерге қинапжаздыратынын айтып, жиі шағымданады. 2017 жылы елдегі мұғалімдер Астанадағы ЭКСПО көрмесіне күштеп билет алғандарын жеткізген. 2015 жылы Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы мұғалімдер Қазақстан президентін сайлауы алдында көше тазалауға бір аптаға сенбілікке шыққандарын айтқан. Алматы облысының Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылдық мектебінің мұғалімі Айман Сағидулла да бірнеше рет еркінен тыс сенбілікке шыққанын, сайлау кезінде әр үйді аралап, ауыл тұрғындарын сайлауға шақырғанын айтқан. Ол "өзіне қысым жасаған" мектеп директорымен соттасып, жеңген. Шымкенттің Еңбекші аудандық сотының судьясы Света Нұрбекова №38 мектептің мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін" айтқан Гүлжан Сәлімбаева мектеп басшысын сотқа берген. Бірақ сот оның шағымын қанағаттандырмаған. Қазақстанды 30 жыл басқарып, биыл президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев та бұған дейін бірнеше рет"жергілікті биліктің барлық жұмысты мұғалімдер мойнына артып қоятынын" сынаған.​ Парламентте де депутаттар бұл мәселені көтерген. Бірақ мұғалімдер әлі күнге дейін еркінен тыс жұмысқа жегіледі. azattyq.org #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕14 жастағы қазақстандық бала Ахмади Ержанов Сингапурда өтіп жатқан "Ювентус –Тоттенхэм" матчы кезінде алаңға жүгіріп шығып, танымал футболшы Криштиану Роналдумен суретке түсті. Оқиға жексенбі, 21 шілде күні болған. Кейін ол әкесімен бірге полиция бөліміне жеткізіліп, оларға ескерту жасалды. Ұлдың әкесі Болатбек Әбілхайыровтың айтуынша, ол баласына алаңға шығып, сүйікті ойыншысымен танысуға кеңес берген. "Ұлымның туған күніне сыйлық жасап, "Ювентустың" футбол лагеріне жолдама сатып алмақшы болдым. Бірақ жолым болмады. Сондықтан оның көңілін түсірмеу үшін Сингапурде өтетін "Ювентус – Тоттенхем" командасының ойынына билет сатып алдым. Ұлымды оның сүйікті ойыншысы Криштиану Роналдумен кездестіру үшін мәскеулік агенттіктермен келіссөздер жүргіздім. Алайда одан нәтиже шыққан жоқ. Бірақ матч кезінде ұлым футбол алаңына жүгіріп өтіп, өзінің сүйікті ойыншысымен танысуға мүмкіндік алды", - дейді ұлдың әкесі Instagram желісіндегі жеке парақшасында. Қазақ баласы алаңға жүгіріп шыққан сәтте Криштиану Роналду қосалқы құрамда отырыпты. Министрлік ресми түсініктеме берді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түрде түсініктеме берді. "Қазақстандық жасөспірім мен оның әкесі жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Сингапурда заң қатал екені белгілі. Сондықтан балаға қомақты айыппұл салынып, билік тарапынан түрлі әкімшілік шара қолданылуы мүмкін еді", - делінген хабарламада. Бұл жағдайды консул естіген соң, полицияға шұғыл жеткен. "Ол Қазақстан азаматтарына консулдық қызмет көрсеткен. Яғни аудармашы қызметін атқарған. Себебі, ұсталған бала мен оның әкесі ағылшын тілін тиісті деңгейде білмеген", - деп жазылған хабарламада. Бұл істің прокуратуға жіберілгеніне қарамастан Сингапурдың құзырлы органдары болған жағдайды түсініп, қазақстандықтарға айыппұл салмай, тек ескерту жасаған. Ахмади Ержановтың үстінен басқа әкімшілік жаза қолданылмаған. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, 14 жастағы қазақ баласының жолы болған. "Ахмадидің жолы болды", - дейді ол. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Инстаграмда көлік жүргізушісін ұрған әжейдің видеосы жарияланды. Ашуға булыққан егде жастағы әйел алдымен рөлде отырған көлік иесін жұдырықпен тоқпақтайды. Одан кейін көлікті бір тебеді. Машиналар легі сәл қозғалғаннан кейін зейнеткер қайтадан жүгіріп барып, көлікті бірнеше рет теуіп кетеді. Көліктердің нөміріне қарағанда оқиға Қарағанды облысында болған. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз. Қазақстандықтар видеоның астына біраз комментарий жазған. "Қарағандыда сізге біреу тиіссе, жақын жүрген кез келген әжеге жүгіріп барыңыз. Ол сізді бұзақылардан қорғап қалады", - дейді қолданушылардың бірі. Енді, біреулер ол әжені танығанын жазған. Оның есі дұрыс, бірақ біреу ренжітсе, сазайын бермей кетпейді екен. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Болгарияның София қаласында кадеттер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында ақтөбелік Саматбек Ізімғали алтыннан алқа тақты. Осылайша, қазақстандық кадет араға бес жыл салып әлем чемпионы атанып отыр. 17 жастағы Ізімғали 45 келіге дейінгі салмақта күресіп жүр. Алғашқы айналымда ол Еуропа чемпионы Фарид Садихлимен кездесті. Қазақ палуаны еркін қимылдап, бірінші болып әдісті іске асыра білді. Өзі бірде-бір рет қарсыластың айласына түскен жоқ. Төрешінің бір ескертуі болмағанда Саматбек әзірбайжандыққа ұпай бермейтін еді. Қорытынды есеп - 15:4. Ал келесі жекпе-жекте Ізімғали үндістандық Харшуды 9:0-мен жеңді. Осыдан кейін жартылай финалда ирандық Махди Ахади Зенабты да айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 7:0. Финалда қазақстандық палуан өзбек Асадбек Бахромовқа қарсы шықты. Жекпе-жек бір минуттың ішінде аяқталды. Саматбек өз қарсыласын таза жеңіспен ұтты. Айта кетейік, бұл чемпионатта қазақстандық кадеттер тағы екі қола медаль иеленген. Олар – Ербол Қамалиев пен Мақсат Сайлау. Ал Саматбек Ізімғали араға бес жыл салып кадеттердің қоржынына алтын медаль салып отыр. Осыдан бір ай бұрын ол Нұр-Cұлтанда өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын. Жас қазақ палуанының бапкері – Жарқын Тұрсынов. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Кездесу барысында президент пен Қанат Ислам Қазақстанда кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, оның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін ашу мәселелерін талқылады. Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа спортшыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, президентке ақ былғары қолғап сыйға тартты. Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.  sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕"Президент 2.0" деректі фильмінде Қазақстан басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді. "Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын", - деді Тоқаев. Президент өз әкесіне Сингапурдан Құран кітабын қалай алып келгенін де айтып берді. Оның айтуынша, әкесі 63 жасында қайтыс болыпты. Шамамен 60 жасында ислам дініне қызығушылығы күшейе түскен екен. "Мен Сингапурға барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады", - деп еске алды Тоқаев. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Берік Уәли. "Қазақстан президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді", - деді Уәли. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді. Қырғызстанда не болып жатыр? Алмазбек Атамбаевтың Бішкектен 20 километр жерде орналасқан Қой-Тас ауылындағы үйіне шабуыл жасалғаны туралы кеше кешке белгілі болды. Күш құрылымдары Атамбаевтың үйінің ауласына баса-көктеп кіріп, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдегендей, резеңке оқпен ата бастаған. Атамбаевтың жақтастары күш құрылымдарының әрекетіне жауап ретінде үйге кірді. Кейінірек белгілі болғандай, олар арнайы жасақ сарбаздарын кепілге алды. Қырғызстанның бұрынғы басшысын ұстау операциясы сәтсіз аяқталды. Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, 48 адам зардап шеккен. Бір арнайы жасақ сарбазы операция кезінде кеуде тұсына тиген оқтан қаза болды. Сооронбай Жээнбеков демалыстан Бішкекке оралып, Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп жатыр. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Нұрсұлтан Назарбаевтың архивтегі сирек суреттері әлеуметтік желіде аптасына екі рет жарияланады. Бұл тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты. Жуырда Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі жаңа жоба іске қосты - #ЕлбасыныңЖекеАрхивінен хэштегі бойынша Instagram-нан тұңғыш президенттің сирек суреттері жарияланып жүр. "Тек бір ғана іс-шарада Елбасының жеке фотографы Әйгерім Деңгелбаева мыңнан астам фото түсіреді. Ең жақсыларын ресми сайтта жариялаймыз. Бірақ кейде қызықты кадрларды пайдалана алмаймыз, олар архивте сақталады. Енді қазір осы суреттермен бөлісуді жөн көрдік", - дейді Айдос Үкібай. Оның айтуынша, жоба тек 5-6 фотомен шектелмейді. Баспасөз қызметі жаңа суреттерді кемінде аптасына екі рет жариялауды жоспарлап отыр. "Бұл суреттер ешбір оқиғаларға байланысты болмайды, сондай-ақ ешқандай саяси астары жоқ. Әр желі қолданушысының фотоларға өз көзқарасы бар", - деді Үкібай. Нұрсұлтан Назарбаевтың https://elbasy.kz ресми сайты бар, бұл жердегі ақпараттар үш тілде жарияланады. Сайттан Елбасының кітаптары мен мақалаларын, жолдаулары мен баяндамаларын, сұхбаттары мен фотоларын табуға болады. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews

🆕Қазақстандықтар қасиетті сапар – қажылыққа бару үшін Сауд Арабиясына ұшуға дайындалып жатыр. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қажылардың алғашқы легінің аттануына орай Алматы әуежайында өтетін рәсімге қатысады. Ұлы сауапқа толы ұлық сапарға биылғы жылы еліміз бойынша 3 200 жан (былтырмен салыстырғанда 200 адамға көп) квота бойынша аттанғалы отыр. 5 тамызға дейін барлық қажы діттеген мекендеріне жетуі тиіс, ал 23 тамызға дейін отандастарымыз туған топыраққа табан тірейді. 11-13 тамызда қасиетті Құрбан айт мерекесі тойланады. "Қажылық кезінде жерлестерімізге отандық SCAT әуе компаниясы мен Сауд Арабиясының Fly Nas әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Рейстер биыл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қаласынан аттанбақ", - деп хабарлады Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы. Қажылардың қауіпсіздігі және денсаулығын жіті назарда ұстайтын қажылық миссиясының негізгі құрамында 12 кісі бар. Оған басшылық құрам, уағызшы-имамдар, пәтуашы-ғалымдар, журналистер мен дәрігерлер кіреді. Биыл қазақстандықтарды тасымалдаумен 18 туристік фирма айналысады. Олар өздеріне бөлінген квота санына қарай "Эконом", "Стандарт" және "Люкс" қызмет көрсету пакеттерін ұсынады.Турлардың бағасы үш-бес мың доллар шамасында. sputniknews.kz #Қазақстан #Казахстан #Хабар #Nursultan #казакша #Жаңалықтар #новостиказахстан #Астана #Байтерек #Алматы #qazaqnews #baitereknews